Теннис • 02 Қараша, 2022

Анна Данилина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бразилия өкілі Беатрис Хаддад-Майямен дуэтте АҚШ корттарында WTA әйелдер арасындағы қорытынды турнирде алғаш рет жеңіске жетіп, оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан-Бразилия тандемі қазіргі турнирдің кейбір фавориттерін, сондай-ақ әлемдік әйелдер турының көшбасшылары - Габриэла Дабровски (Канада) мен Джулиана Олмосты (Мексика) жеңе алды. 

Анна мен Беатрис жұбы соңғы турнирдің басында әлемдегі ең мықты әйелдер дуэттерінің бірін екі сетте 7:5, 6:0 есебімен жеңді.