Экология • 04 Қараша, 2022

Балқаштағы су деңгейі қалыпты

265 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Жетісу облысының тұрғындарымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, министрлік жетекшілік ететін салалардың дамуы туралы баяндады.

Балқаштағы су деңгейі қалыпты

Бүгінде өңірдегі экологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы. Облыс ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 10,8 мың тоннаны құрайды. Бұл былтырмен салыстырғанда 6,4 пайызға, яки 10,1 мың тоннаға төмен. Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілген.

Бұрынғы Алматы облысы бо­йынша Жол картасы аясында жү­зеге асырылған 8 іс-шараның 6-уы Жетісу облысына тиесілі. Мә­селен, өткен жылы Талдықорған қаласының, Көксу және Ескелді аудандарының 6 қазандығы газға ауыстырылған. Оған қоса Ескелді ауданының кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын қайта жа­ңарту жұмыстары жүргізілуде. Талдықорған қаласының LED-экран­дарында Қазгидромет ұсы­натын атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпарат орналастырылып жатыр.

Ведомство басшысы облыс­тардың бөлінуін ескере отырып, осы жылдың қараша айының со­ңына дейін жұртшылықпен бір­лесіп Жетісу облысының эко­жүйе­сін жақсарту бойынша жеке жол кар­тасын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«Жалпы, Жетісу облысында биылғы 9 айдың қоры­тындысы бойынша қайта өңдеу және кә­деге жарату үлесі 5,6 па­йызды құ­рады, бұл өте төмен көр­сеткіш. Орташа республикалық деңгей 24 пайыз­ды құрайды. Биыл өңірде космо­мониторингпен 142 полигон анықталды, оның 63 пайызы жойыл­ды (90 бірлік). Соны­мен қатар бірқатар қала мен аудан әкім­дері поли­гондарды жой­­мағаны үшін әкімшілік жа­уап­­кершілікке тартылды», деді министр.

Одан бөлек кездесуге қатысу­шылардың назарын қалдықтарды басқарудың нашар дамыған инфра­құрылымы проблемасына, ҚТҚ полигондарының норма­ларға сәйкес келмеуіне, рұқсат етілмеген полигондардың едәуір санына және кәріз-тазарту құрылыс­тары­ның тозуына аударды.

«Қоғамдық резонанс тудыра­тын тағы бір мәселе кәріз және ағынды суларды тазарту қондыр­ғы­ларының жағдайы болды. Мәселен, облыста 358 елді ме­кен­нің 13-і немесе 3,6 пайы­зы орталықтандырылған су бұру­мен қамтылған. Талдықорған қала­сы­ның тазарту құрылыстары қана­ғаттанарлықсыз жағдайда. Жос­пардан тыс тексеру барысында «Жетісу су арнасына» қатысты бірқатар экологиялық бұзушылық анықталды. Оларды жою үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу және тазарту құрылыстарын реконструкциялау талап етіледі. Бұл айтарлықтай қара­жатты қа­жет етеді. Осыған байла­ныс­ты облыс әкімдігіне эколо­гиялық төлемдерден түсетін қара­­жат есе­­бі­нен қаржыландыру мәсе­ле­сін қа­растыру ұсынылды», деді С.Брекешев.

Оның айтуынша, Балқаш көлінің оңтайлы деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341 м белгіге тең. Соңғы 10 жылдағы деректер көл деңгейі бұл белгіден төмен түспегенін көрсетеді. Көлдің тұрақ­ты деңгейде сақталуына Іле өзенінің жыл сайынғы ағыны, су көлемі кемінде 12 текше шақы­рым болуы кепілдік береді. «Добын» шекара маңы бекетіндегі гидрологиялық деректерді талдау өзеннің орташа көп жылдық ағыны немесе 2001-2021 жылдар кезеңінде жылына 13,8 текше шақырымды құрағанын көрсеткен. Сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Балқаш көліне жылына кемінде 12 текше шақырым су ағызу үшін оның түбін тереңдету жұмыстары жүр­гізіліп, 12 су объектісінде тазарту жұмыстары атқарылған. Бал­қаш көлі бассейніндегі 12 канал жөн­делмек.

Қытай тарапымен су бөлу жөніндегі келісім жобасын одан әрі келісу кезінде Балқаш көлі­нің экожүйелерін дамыту және сақтау мүдделері ескерілетін уағдаластықтарға қол жеткізілген. Сонымен қатар Президент тапсырмасы бойынша министрлік топырақ эрозиясын азайту және шө­лейттенуді болдырмау мақса­тында Балқаштың жағалау сызы­ғын көгалдандыру мәселесін пы­сықтауда.

Кездесу барысында халыққа биыл Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру туралы хабарланды. Бұл 2,5 мың халқы бар 4 ауылды су басу қаупін болдырмауға мүм­кіндік береді. Сондай-ақ 5,2 мың га жаңа суармалы жерлер­ді пайдалануға беру үшін иррига­циялық инфрақұрылым салынуда.

Балық шаруашылығын дамыту бойынша 2030 жылға дейінгі саланы дамытудың бағдарламасы бекітілгені туралы да айтылды. Осы жылдың 6 айында облыста 200 тонна тауарлық балық өсі­рілген. 2023 жылдың соңына дейін қуаттылығы 400 тонна бола­тын 10 көл-тауарлық балық өсіру ша­руа­шылығын құру жоспарлануда.

Кездесу соңында Серікқали Брекешев Жетісу облысы тұрғын­дарының сұрақтарына жауап бер­ді. Іс-шара аяқталғаннан кейін минис­тр азаматтарды жеке қабыл­дады.

 

Жетісу облысы