Білім • 04 Қараша, 2022

Алматыда 120 мың оқушыға арналған 54 мектеп салынады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Алматыға сапары жөнінде әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 120 мың оқушыға арналған 54 мектеп салынады

«Соңғы 3 айда Алматы облысына екінші рет жұмыс сапарымен келдім. Өңір халқы алдында есеп беру кездесуін өткіздім. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын аралап, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрдім. Қонаев қаласының Мәдениет үйіне екі жүзден астам адам жиналды. Тұрғындарға министрліктің атқарып жатқан жұмыстары, жаңашылдықтар және туындаған өзекті мәселелерді шешу шаралары туралы айтып бердім», деп жазды ол.

в

Сондай-ақ «Жас маман» жобасын жалғастыру, мұғалімдерге цифрлы құзыреттілік курстарын, инклюзивті білім беруді дамыту бойынша курстар ұйымдастыру жөнінде бірқатар сұрақтар қойылғанын айтты.

Жиында айтылған ұсыныстарды министрлік қарап, түйткілді мәселелер бақылауға алынатынын жеткізді.

в

«Кейін жаңа мектептің құрылысымен және «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру жұмыстарымен, жер телімдерін бөлу, инженерлік инфрақұрылымдарды орнату және т.б. жұмыстармен таныстым. Мектеп салу кезінде кәсіби кадрларды іріктеу және құрылысты бақылау маңызды. Біз ережелерге жаңа норма енгізіп жатырмыз», деді Оқу-ағарту министрі.

Сондай-ақ 2023-2024 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында Алматыда  екі ауысымда оқитын 120 мың оқушыға арналған 54 мектеп салу жоспарланғанын жеткізді.