аяуда Павлодар қаласында аймақтық театрлар фестивалі өтті. Фестиваль қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері, жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналды. Аймақ театрларының фестивалі ұлттық театр өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, қазақ өнерінің қаймағы Жүсіпбек Аймауытовтың рухына бағышталды. Артында өшпес мұра қалдырған, еліне аянбай еңбек еткен, «Ақбілек», «Қартқожа», «Мансапқорлар», «Шернияз», «Рабиға», т.б. көптеген туындылар қалдырған ұлы тұлғаның есімі ұлықталды.
Ертістің бойын жайлаған Павлодар қаласындағы аймақтық фестивальді Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры ұйымдастырды. Театр директоры, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязовтың басшылығымен өткен фестивальге аймақтық театрлар атсалысты. Семей қаласынан Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры Ш.Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары», Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театры Жан-Батис Мольердің «Лекарь поневоле», Семейдің «Дариға-ай» жастар театры А.Айтыбаевтың «Ызғарлы желтоқсан», Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Ұ.Есдәулетовтің «Қара пима», Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ә.Таразидің «Үкілі жұлдыз», С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театры М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Бикен Римова атындағы Алматы облысы әкімінің Талдықорған драма театры Иран Ғайыптың «Негізгі шаруа», А.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры А.Гончаровтың «Без слез, без жизни, без любви» драмаларын ұсынды.
Аймақтық театрлар фестивалінің қазылар алқасы құрамында КСРО халық әртісі А.Әшімов, белгілі сыншы, профессор Ә.Сығаев, ҚР-ның мәдениет қайраткері М.Байжұманов, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Р.Тәжібаева, ҚР-ның мәдениет қайраткері А.Қанафина сынды танымал тұлғалар болды. Бас жүлдені Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры иеленді.
Басқа театрлар да өзіндік нақыштарымен ерекшеленді. Аймақтық театрлар фестивалінен құралақан қайтқан ешкім жоқ. Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры «Әдебиетті насихаттағаны үшін» аталымы бойынша марапатталды. Халық әртісі Б.Имахановтың театрдағы көп жылдық еңбегі ерекше аталып өтті. Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театрының әртісі А.Сухов «Үздік ер бейнесін сомдағаны үшін» жүлдесімен марапатталды. Семей қаласынан шығармашылық ұжымды бастап барған, Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрының директоры Б.Түлеков пен Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театрының директоры Я.Горельников өнер ұжымдарының аламан бәйгеге қатысуына ерекше еңбек сіңіргенін атай кеткен жөн.
Мерей ҚАРТОВ,
Абай атындағы қазақ музыкалы
драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Футбол • Бүгін, 11:55
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:53
Шымкентте сегіз жастағы қызға қырындаған ер адам айыппұлмен құтылды
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Заң • Бүгін, 11:37
Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?
Экономика • Бүгін, 11:35
228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:22
Эбола індеті өршіп барады: Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18