Спорт • 07 Қараша, 2022

Әзірге жүлде жоқ

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қа­зақстандық дзюдошылардың қоржы­ны­на әзірге бірде-бір медаль түскен жоқ. 

Әзірге жүлде жоқ

 

Аса жеңіл салмақтағы Бауыржан Нар­баев тұсаукесер кездесуінде сүрінсе, Шерзод Давлатов екінші айналымнан аса алма­ды. 66 кило салмақта сайысқа түс­кен Ғұс­ман Қырғызбаев моңғолиялық Нар­ман­дах Баянмұңх пен грузиялық Георгий Тута­швилиді жолынан ығыстырғанымен, мол­до­ва­лық Денис Виеру мен испаниялық Давид Гар­сия Торнеге әлі жетпеді. Нәтижесінде, Ғұсман жетінші орынды қанағат тұтты. 73 кило салмақтағы Данияр Шамшаевқа ерекше сенім артылған еді. Бірақ ол үшінші кезеңде өзбекстандық Муроджон Юлдашевтан өте алмады. Сол секілді Алмас Ғалымов (66 кило) пен Абылайхан Жұбаназар (81 кило) да артылған сенімді ақтамады.

Әйелдер арасындағы жарыста жерлестері­міз тым нашар өнер көрсетуде. Осы күнге дейін бұрымыдар бес салмақ дәрежесі бойын­ша түрлі-түсті жүлделерді сарапқа салса, соның бірде-біреуінде қазақстандықтар алғашқы айналымнан аспады.