Президент • 07 Қараша, 2022

Президент Маңғыстаудағы медициналдық ахуалды жақсартуға қаржы бөлуді тапсырды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

Президент Маңғыстаудағы медициналдық ахуалды жақсартуға қаржы бөлуді тапсырды

«Маңғыстау – бала туу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұрған өңір. Бұл – қуантарлық жайт. Сондықтан, демографиялық өсім болған жерде міндетті түрде тиісті әлеуметтік инфрақұрылым да болуы қажет. Себебі, ана мен бала денсаулығының мықты болуы – елдің даму көрсеткіштерінің бірі», деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-ЖомартКемелұлы денсаулық сақтау жүйесі талапқа сай болуы керектігін атап айтты.

«Сапалы медициналық қызмет облыстың барлық тұрғындарына қолжетімді болуға тиіс. Биыл менің тапсырмаммен Мұнайлы ауданында орталық аурухананың құрылысы басталды. Жедел жәрдем қызметтерін, санитарлық автокөліктерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету керек. Барлық аудандардың жедел жәрдем бөлімшелері ғимаратқа жарымай отыр», деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде облыс орталығында көпбейінді аурухана және жаңа жедел жәрдем станциясын салу мәселесін қарастыру қажеттігін және үкіметке осы мәселелерді пысықтап, шешу үшін қаржы бөлуді тапсыратынын айтты.