Спорт • 08 Қараша, 2022

Жалғыз жүлде бұйырды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бакуде өткен Grand Slam турнирінде Қазақстанның 17 дзюдошысы өнер көр­сеткенімен, солардың арасынан тек біреуі ғана жеңіс тұғырына кө­теріле алды.

Жалғыз жүлде бұйырды

 

Соңғы жарыс күні ерлер үш және әйелдер екі салмақ дәрежелерінің жүлделерін сарапқа салды. Өкінішке қарай, татамиге шыққан балуандарымыздың дені алғашқы айналымнан аса алған жоқ. Атап айтсақ, Ермахан Әнуарбеков (90 кг) нидерландтық Йеспер Сминктен, Ерқанат Молдағұлов (100 кг) грузиялық Илья Суламанидзеден же­ңілді. Тұсаукесер кездесуінде америкалық Крис­тиан Коновалды ұтқан Жамбыл Тұр­ғы­налиев (100 кг) келесі белдесуінде әзер­бай­­жандық Жамал Гамзатхановқа жол берді. Жұбаныш белдесуінде жерлесіміз өзбекстан­дық Шахруххон Бақтиеровтың осал тұсын таба алмады.

Әйелдер арасында Аруна Жангелдина (78 кг) мен Назерке Тілеуханова (78 кг) ә дегеннен жарыс жолынан шығып қалса, Камила Берліқаш (78 кг) шешуші сында хорватиялық Тина Радичтен басым түсіп, қола медаль иеленді.