Білім • 08 Қараша, 2022

Астана мектептерінде 26 мың балаға орын жетпейді

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Оқу-ағарту министрі елорда маңында орналасқан «Лесозавод» ауданындағы №49 мектебіне барды. Мұнда 1300-ден астам бала оқиды. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана мектептерінде 26 мың балаға орын жетпейді

Аймағамбетов мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстармен танысып, оқу кабинеттерін аралады, кітапханада оқушылармен және кітапханашымен әңгімелесіп, әріптестерімен жұмыс мәселелерін талқылады.

«Астанадағы білім басқармасының мектептерде оқушылар сарайының филиалдары мен басқа да қосымша білім беру ұйымдарын ашу бойынша оң тәжірибесін атап өткім келеді. Мысалы, бұл мектепте авиамодельдеу, бокс, волейбол сияқты үйірмелер жұмыс істейді», деді министр.
 
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында жаңа мектептер салу жоспарланып отырғанын атап өтті.  
 
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында жаңа мектептер салу жоспарланып отырған бірнеше орынға бардық. Бұл Керей және Жәнібек хандар көшесіндегі (әрқайсысы 2 000 оқушы орны), Төле би көшесіндегі (2 000 оқушы орны) және Байтұрсынов 7 көшесіндегі (600 оқушы орны) мектептер», деп жазды басқарма басшысы.
 
Министрдің айтуынша, қазір қалада 26 мың оқушыға мектептен орын тапшы. Бұл мәселені шешу үшін 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде екі ауысымда 85 мыңнан астам оқушы орнын қамтамасыз ететін 24 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Басым көпшілігі 2024 жылы салынып бітеді.
щ
 
«Ұлттық жобаны іске асыруға жетекшілік ететін Астана әкімдігінің өкілдері жер учаскелерін бөлу, ЖСҚ дайындау, инженерлік инфрақұрылым мәселелерін шешіп жатқанын атап кеткім келеді. Болашақта елордада білім беру объектілерін салу үшін 102 жер учаскесін бөлу жөніндегі шешім де уақытылы қабылданды. Президенттің жаңа ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында алдағы уақытта үшауысымды оқыту мәселесі ғана емес, оқушы орындарының тапшылығы да толық шешіледі», деп жазды министр.