«Осы сапардың қорытындылары біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа сапалық деңгейге көтеруде шешуші рөл атқаратынына сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті екі ел түрлі бағыттағы, соның ішінде мұнай-газ, металлургия, қаржы салалары, тау-кен өндірісі бойынша ынтымақтастық орнатып отырғанын атап өтті. «Республикамызда 50-ден астам жапон кәсіпорындары жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге біздің қатынастарымыздың әлеуеті толық пайдаланылып отырған жоқ. Сондықтан бүгінгі кездесуіміз сауда-экономикалық өзара іс-қимылымызды жандандыруға арналады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елімізде бизнеспен шұғылданудың жағдайын жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын, Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 35-орынға шыққанын атап өтті.