Аймақтар • 13 Қараша, 2022

«Атырау МӨЗ» газ тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы сұйытылған мұнай газының (әрі қарай - СМГ) тапшылығына қатысты «Атырау МӨЗ» ЖШС мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау МӨЗ» газ тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің өндірістік бағдарламасы ай сайын жасақталып келеді. Зауытта жүргізіліп жатқан жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын ескере отырып жасақталған өндірістік бағдарламаға сәйкес, 1-8 қараша аралығындағы СМГ өндіру көлемі 427 тоннаны құраған. 9 қарашадағы көрсеткіш бойынша 640 тонна СМГ өндіріліп, жөнелтілген. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 212 тоннаға артық.

«СМГ-ны өндіру көлемін арттыру жөндеу жұмыстары кезінде облыста газ дефицитін болдырмау үшін жасалған. Бұған қосымша облысты СМГ-мен қамтамасыз ету үшін 9 қарашадан бастап «ПХСНГ» ЖШС-де қазан айынан бері зауыттың техникалық қажеттіліктері үшін сақтаулы тұрған 270 тонна СМГ жөнелтіле бастады. Қазан-қараша айына жоспарланған СМГ өндіру көлемі жөнінде  «АМӨЗ» ЖШС жөндеу жұмыстары басталмас бұрын Энергетика Министрлігі мен Атырау қаласының әкімдігіне ресми түрде хабарлады», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін АМӨЗ-де СМГ өндіру көлемі тәулігіне 350-400 тоннаны құрайды деп күтілуде.