Қоғам • 15 Қараша, 2022

Шахтадағы жарылыс: Тергеу нәтижесі қашан шығады?

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтадағы төтенше жағдайды тергеудің алдын ала қорытындысы 23 қарашада белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахтадағы жарылыс: Тергеу нәтижесі қашан шығады?

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында метан жарылысы болып, адамдар қаза тапты. Алдын ала қорытынды 23 қарашада белгілі болады. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 23 қарашада Қарағандыда БАҚ өкілдерін жинап, оның қорытындысын жариялаймыз», деді министр.

Еске сала кетейік, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды ​​облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде төтенше жағдай орын алды. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ шығып, соның салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты. Таңертең бесінші жұмысшының денесі табылды.

Оқиға салдарынан төрт кенші метаннан уланып, ауруханаға жатқызылды. Екі кенші Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылды. Уланғаннан бөлек, әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған тағы екі адам Шахтинск ауруханасында жатыр.