Аймақтар • 16 Қараша, 2022

Үйінде қару сақтаған Абай облысының тұрғыны ұсталды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Жарма ауданының тұрғынынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйінде қару сақтаған Абай облысының тұрғыны ұсталды

сурет: polisia.kz

Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ мен Жарма аудандық полиция қызметкерлері бірігіп, Жарма ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Үйді тінту барысында заңсыз сақталған мылтық пен патрондары бар травматикалық тапанша тәркіленді.

Тәркіленген екі қару да атуға жарамды. ІІМ арнайы бекеттерінде жүргізілген тексеріс барысында ер адам қарудың заңды иесі емес екені анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі «Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қаруды қоспағанда) заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.