Аймақтар • 20 Қараша, 2022

ШҚО: Дауыс берушілерге естелік сыйлықтар берілуде

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күймен конкурстар, акциялар өткізіліп жатыр. Бірінші келген, жүзінші, мыңыншы және бірінші рет дауыс беріп жатқан сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етілуде, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО: Дауыс берушілерге естелік сыйлықтар берілуде

Сонымен қатар, сайлаушылар саны ең көп учаскелерде халық үшін медициналық пункттер ұйымдастырылған. Мұнда әркім қан қысымын, қандағы қант мөлшерін өлшей алады. Айта кету керек, барлығы 505 сайлау учаскесінде 3000-ға жуық іс-шара өткізу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңғы сағат 7.00-де Шығыс Қазақстанда дауыс беруге арналған 537 учаске жұмыс істей бастады. Өңірдің 500 мыңға жуық азаматы сайлау құқығына ие.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыста барлығы 549 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік комиссия бар. Оларда комиссиялардың 3609 мүшесі, оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларының 84 мүшесі және учаскелік сайлау комиссияларының 3525 мүшесі жұмыс істеп отыр. Учаскелер жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.