Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ – Венадан.
Жалпыеуропалық деңгейдегі саяси ынтымақтастық ЕҚЫҰ-ның алдындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі конференцияның негізінде және оның дамуымен қатар қалыптасқан. “Еуроодақтың сыртқы саясаты бүгінде ЕҚЫҰ-ның өз мақсаттарын алдағы кезде де қандайлық қозғайтыны үшін айрықша маңызды. Нақ сондықтан Франция мен Германия ЕҚЫҰ-ға бірлесіп төрағалық жасау мүмкіндігін қарастыруда”, – деді Лелуш мырза. Демократия мен бірлікке ұмтылыс Еуропа тарихына өз ықпалын тигізді, деп атап өтті Францияның Мемлекеттік хатшысы. Бұл ретте ол маңызды кезеңдер ретінде Германиямен татуласуды және Еуропаның Екінші жаһандық соғыстан кейінгі қалпына келуін, 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісін және Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясын атап өтті. “Осы қадамдардың арқасында біздің қауіпсіздігіміз әр мемлекеттің өз қорғаныс саясатын жүргізу есебінен немесе біздің ортақ кеңістігімізде альянстарға әлде ұйымдарға қатысуымен ғана қамтамасыз етілмейді. Оған сондай-ақ бүкіл Еуроатлантика және Еуразия өңіріндегі ынтымақтастық жүйесі арқылы кепілдік беріледі”, – деді П.Лелуш. Бірлескен бұл жұмыс саяси-әскери ғана емес, сонымен бірге гуманитарлық және экономикалық қырларды, сондай-ақ жария мүмкіндіктерді құрметтеу мен алаңдаушылық туғызатын сәттерді ескеруді қамтиды. Лелуш Корфу үдерісіне – ЕҚЫҰ аясында жүргізілетін болашақ Еуропалық қауіпсіздік туралы үнқатысуға жоғары баға берді. Ол ЕҚЫҰ-дағы қазақ төрағалығының осы жылдың аяғында саммит өткізу жөніндегі бастамасына Францияның қолдау білдіретінін қадап айтты. Саммит өткізу үшін ұйымға қатысушы барлық елу алты елдің консенсусы қажет екенін де еске салды. “ХХІ ғасырдағы Еуроатлантика және Еуразия қауіпсіздігінің жаңарған ортақ тұжырымдамасын қамтамасыз етуге бағытталған біздің елдеріміз тарихының жаңа кезеңін бастау ортақ мақсатымыз болған жағдайда ғана біз алға ілгерілей аламыз”, деп атап өтті Лелуш. Франция Мемлекеттік хатшысының пікірінше, “бұл ортақтық бізді біріктіретін өзіміз қабылдаған міндеттемелер мен қағидаттарға, әсіресе, Хельсинки Қорытынды актісіне және Париж хартиясына негізделуі тиіс. Қырғи-қабақ соғыс беттері мүлдем жабылуы керек”. Француз дипломаты, сондай-ақ Грузиядағы, Армения мен Әзірбайжандағы, Қырғызстандағы жағдайларға байланысты пікір білдірді. Грузия туралы айтқанда Лелуш Францияның аумақтық тұтастық пен ел егемендігі мәселесін қолдайтынын қуаттады. Ол ЕҚЫҰ-ның Грузиядағы миссиясы 2009 жылғы маусымда жабылып қалуына байланысты мандатты жалғастыруға қатысты консенсусқа қол жетпегендіктен, бұл елде ЕҚЫҰ-ның далалық миссиясын ашу қажеттігін айтты.Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Оқиға • Бүгін, 12:25
Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Шахмат • Бүгін, 11:28
Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды
Спорт • Бүгін, 11:14
Қазақстанда педагогтер саны 8 мыңға артқан
Ұстаз • Бүгін, 11:03
Тоғыз қазақ боксшысы «алтын» үшін таласады
Бокс • Бүгін, 10:45