Магнитудасы 5,6-ға дейінгі жер асты дүмпулерінің эпицентрі Джакартадан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км қашықтықта 5 км тереңдікте орналасқан.
Бұған дейін 700-ге жуық адам жарақат алғаны белгілі болды. Индонезия билігі жер асты дүмпулері әлі де қайталану мүмкін екенін хабарлады.
270 миллионнан астам халқы бар Индонезияда жер сілкінісі жиі болады. Мәселен, 2004 жылы болған жер сілкінісі мен цунамидің салдарынан 230 мыңға жуық адам көз жұмған.