Әлем • 24 Қараша, 2022

Еуропарламент сайты кибершабуылға ұшырады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбі күні Еуропарламенттің (ЕП) сайты кибершабуылға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропарламент сайты кибершабуылға ұшырады

Бұл туралы Еуропарламенттің баспасөз хатшысы Жауме Душ Twitter-де мәлімдеді. 

«Қазір Еуропалық парламенттің веб-сайты сыртқы трафиктің көп болуына байланысты шабуылға ұшырауда. Бұл трафиктердің DDoS шабуылына қатысы бар», деп жазды ол. 

Оның айтуынша, Еуропалық парламенттің командалары бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуге тырысып жатыр.