Әлем • 25 Қараша, 2022

Меккеде толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, жауын-шашынның ең көп мөлшері теңіз жағалауындағы Джидда қаласына жақын аудандарда жауған, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Меккеде толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты

Сауд Арабиясының Мекке қаласы мен оған жақын аймақтарда бейсенбі күні таңертең басталған толассыз жауын салдарынан екі адам қаза тапты. Толассыз жауған жаңбыр дауылмен және бұршақпен бірге жүреді.

Жергілікті билік Меккені Жиддамен байланыстыратын тас жолды жабуды бұйырды. Сондай-ақ әуежайлардағы көптеген рейстер тоқтатылды. Азаматтық қорғаныс қызметтері халықты аса қажет болмаса, ең болмағанда түн батқанша, метеорологтардың болжамы бойынша ауа райы қалыпты жағдайға оралғанға дейін үйлерінен шықпауға шақырды.