Қоғам • 25 Қараша, 2022

«Қазақмыс» Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақмыс» компаниялар тобының еңбек ұжымдары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Олар Мемлекет басшысына ашық хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақмыс» Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Құттықтауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы сенімді жеңісі – Қазақстан халқының, оның ішінде «Қазақмыс» тобына қарасты кəсіпорындар қызметкерлерінің жоғары сенімі мен қолдауының айғағы екені айтылған.

«Президент болған үш жыл ішінде Сіз өзіңізді көреген саясаткер, тəжірибелі дипломат жəне нағыз бітімгер ретінде көрсеттіңіз. Сіздің басқарушылық қасиеттеріңізді қазақстандықтар ғана емес, əлемдік қоғамдастық та жоғары бағалайды. Сіз өзіңізді халқымыз үшін тағдырлы шешімдер қабылдай алатын жоғары кəсіби басшы ретінде таныттыңыз. Сондықтан да Сіз азаматтарымыздың қолдауы мен құрметіне лайықсыз», делінген хатта.

Сондай-ақ «Қазақмыс» қызметкерлері Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге еніп жатқанын атап өтіп, алдағы реформалар халықтың тілегіне тиімді жауап болатынына жəне бұрын соңды болмаған сыртқы сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

«Біз Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін ауқымды өзгерістер Сізбен бірге жалғасады деп сенеміз», делінген құттықтауда.

Сондай-ақ хатта «Қазақмыс» компаниялар тобының əрбір қызметкерінің атынан Мемлекет басшысына бұрынғысынша Қазақстан экономикасының берік негізі болып қала беретін елдің тау-кен металлургия саласына ерекше назар аударғаны үшін алғыс айтылған.

«Біз, геологтер, кеншілер, байытушылар, металлургтер мен энергетиктер, Сізге зор денсаулық пен алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін күш-қуат тілейміз!

Біз өз кезегімізде жаңа қазақстандық қоғамды нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетуге уəде береміз. Біз бірге Əділетті Қазақстан құратынымызға сенімдіміз!», дейді өндіріс майталмандары.

Соңғы жаңалықтар