Әлем • 25 Қараша, 2022

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Батыс Ява провинциясында 21 қарашада болған магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Индонезияның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігіне (BNPB) сілтеме жасап.

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті

Сонымен қатар 24 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. 

Бұған дейін АҚШ-тың геологиялық қызметі Индонезияның Батыс Ява провинциясында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді.

Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзала ошағы Чианжур ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан.