ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектеп инфрақұрылымын жаңғырту үшін әзірленгенін айтты. Оның аясында 842 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы оқу орындарының ауқымды құрылысы жүргізіледі.
Мәселен, жайлы мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен толық жабдықталатын болады.
Мұндай мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандарт бойынша салынады. Оған қоса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасалатын болады.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, жаңа мектептер үшін мұғалімдерді даярлау және біліктілік арттыру жұмыстары жалғасады. Жалпы 2026 жылға қарай 100 мыңға жуық маман дайындалады деп жоспарланған.
Премьер-Министр «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа білім ордаларында пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар болады.
«Бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар қарастырылған. Әр блоктың өз асханасы мен спорт залы болады. Мектеп ішінде оқулықтар мен жеке заттарды сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылады. Осылайша, оқушылардың ауыр сөмкелерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік туады», деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, сондай-ақ оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер-парталар мен «ауызсу фонтандары» қойылады. Әр қабатта оқушыларға арналған тынығу алаңдары болады.
Премьер-Министр 2023-2025 жылдары елімізде 401 жайлы мектеп салу жоспарланып отырғанын айтты. Жалпы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінді.
«Жобаны іске асыру балалардың жақсы білім алуы үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Өңір әкімдері жыл соңына дейін жер учаскелерін бөліп, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселесін мұқият ойластыруы қажет», деді Әлихан Смайылов.
Тақырыпты қорытындылай келе, Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, жобадағы іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Президент «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:35
Алматыдағы «Южный» саябағы мемлекет меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Қазақ бидайының генетикасы талқыға түсті
Ғылым • Бүгін, 16:58
Берік Беркімбаев қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 16:45
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Ауа райы • Бүгін, 16:36
Астанада тас өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өтті
Қоғам • Бүгін, 16:25
Сирек кездесетін ауруларды анықтау мен емдеудің тәсілдері талқыланды
Медицина • Бүгін, 16:15
Филиппинде 6,1 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 16:00
Доллар бағамы 460 теңгеден төмендеді
Қаржы • Бүгін, 15:24
Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:13
Түркістан облысындағы үш ауданда 6 көше, 48 ауланы су басты
Оқиға • Бүгін, 15:01
Қазақстанда криптоиндустрияның алғышарттары әзірленіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 14:55
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:37
Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:36
LRT жобасы қашан аяқталатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 14:23
20 жыл бұрын банкротқа ұшыраған кәсіпорын қызметкерлері төлемдерін ала алмай жүр
Саясат • Бүгін, 14:09
Елордада 440-тан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Қоғам • Бүгін, 13:51
Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Шымкентте төбелес ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Ұқсас жаңалықтар