Аймақтар • 29 Қараша, 2022

Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Түркістан облысы Ащысай асуындағы Кентау-Шолаққорған автожолының 55 шақырымында жолда қалған 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды

«2022 жылғы 29 қарашада 112 пультіне Ащысай асуындағы Кентау-Шолаққорған автожолының 55 шақырымында көктайғаққа байланысты жолаушылары бар 2 жүк және 8 жеңіл автомобильден құралған кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖ орнына келген құтқарушылар 2 жүк және 8 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты. 35 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», делінген ТЖД хабарламасында.

Авариялық-құтқару операциясына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады.