Ауа райы • 30 Қараша, 2022

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық синоптиктердің болжамы бойынша республиканың басым бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында болады. Бұл - күн ашық болса да, қытымыр аяз сезілетінін білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» РМК деректеріне қарағанда, елде жел күшейеді.

Солтүстік-батыста, солтүстікте - боран, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста - тұман, көктайғақ болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алакөл көлдері ауданында жел соғып, 30 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Жамбыл облысында қалың қар жауады.

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде шығыс жел соғып, 9-14 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы - 17-19°С, күндіз - 11-13°с.

Алматыда ауыспалы бұлттылық, таңертең және түстен кейін жауын-шашын байқалады. Түнде және таңертең тұман түседі. 3-8 м/с дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде - 3-5°С, күндіз + 2 + 4°С.

Шымкентте жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғып, 8-13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, күндіз + 4 + 6°С.