Қазақстандағы перинаталдық орталықтардың үштен бірі гипотермия аппараттарымен жабдықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ayala» қайырымдылық қоры 5 жыл бойы «Басқарылатын гипотермия» жобасын табандылықпен жүргізіп келе жатқанының арқасында еліміздегі 14 перинаталдық орталық құны 300 миллион теңгені құрайтын автоматты гипотермияға арналған заманауи жабдықтарға қол жеткізді.
Осылайша 2017-2022 жылдар аралығында бұл бастама 235 нәрестені ажалдан құтқарып, мәңгілік мүгедек болудан сақтап қалды.
Терапиялық гипотермия сәби өмірге келген алғашқы сағаттарда қолданылуы қажет. Аппарат жаңа туған нәрестенің дене қызуын автоматты түрде 34 градусқа дейін төмендетеді де, 72 сағат бойы оны қажетті деңгейде ұстайды, содан кейін баланы біртіндеп жылытады. Тек осы ғана бала ағзасындағы метаболизмді өзгертуге, миды глюкозамен қамтамасыз ете отырып, орталық жүйке жүйесінің жасушаларын қайтымсыз зақымданулардан қорғауға мүмкіндік береді. Гипотермия аппаратымен бірге жүретін амплитудалық электроэнцефалография мониторы дәрігерлерге қолданылатын терапияны бақылауға және тиімділігін көтеруге көмектеседі.
Қарап отырсақ, сәбилер өлім-жітімінің 60 пайыздан астамын жаңа туған нәрестелер құрайды. Басты себептерінің бірі – босану кезіндегі тұншығу, қысылудан болатын орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Яғни, нәресте өмірге келіп жатқан кезде мидың гипоксиялық-ишемиялық зақымдануы ми жасушаларының өлтіретін патологиялық процестер каскадын іске қосады. Мұның салдары – кем дегенде ауыр мүгедектікке душар етіп, одан да қайғылысы сәбиді құтқарып қалу мүмкін емес еді.
Осы мәселеге орай, «Ayala» қайырымдылық қоры 2016 жылы профессор Арунасас Любшисті (Литва) Қазақстанға шақыртқан-ды. Ол қазақстандық неонатолог-дәрігерлерге арналған тегін курстарда алғаш рет Еуропалық Одақтың перзентханаларында автоматты гипотермия аппараттарын қолданудың табысты тәжірибесі туралы баяндаған болатын.
Оған дейін мамандарымыз мұндай жабдықтардан бейхабар болып, гипотермияда жаңа туған нәрестелерді құтқару үшін тек қана қолда бар – мұздатылған су құйылған медициналық пакеттерді қолданатын. Дәрігерлердің жанкештілігіне қарамастан, босану кезінде гипоксияның ауыр түрімен туған нәрестелердің мүгедектік көрсеткіші жоғары еді. Осындай жағдайлардан кейін «Ayala» ҚҚ президенті әрі негізін қалаған Айдан Сүлейменова жағдайды түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдайды.
«Біз бұл жобаны Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы мен Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында пилоттық жоба ретінде бастадық. Бір жыл ішінде 75 жаңа туған нәрестеге автоматты гипотермия қолданылды. Реанимация дәрігерлері гипотермия аппаратында емделген сәбилердің метаболизмдік ауытқулары тезірек түзетіліп, қанның оттегімен қанығу көрсеткіштері жақсарғанын мәлімдеді. Кейін бұл нәрестелер емделіп, үйлеріне сауыққан кезде шығарылды», дейді «Ayala» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Осыдан кейін Қор пилоттық жобалардың жетістігіне сүйене отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне перинаталдық орталықтарды гипотермия аппараттарымен жабдықтаудың маңыздылығын дәлелдеп, «Басқарылатын гипотермия» жобасы шеңберінде күш біріктіру жөніндегі меморандумға қол қойды. Осыдан кейін гипотермия аппараттарын міндетті мемлекеттік сатып алу үшін медициналық жабдықтар тізбесіне қосуға жол ашылды.
«Бүгінгі таңда әлемдік дәлелді медицина тұрғысынан тек терапиялық гипотермия ғана босанған кезде ауыр гипоксиямен туғандарды нейропротекцияның сенімді әдісімен қамтамасыз ете алады. Фарминдустрия қанша дамыса да, жаңа туған нәрестелердің миын гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатиядан болатын қайтымсыз зақымданудан қорғай алатын дәрілер қазірге жоқ. Гипотермия аппараты бұдан да бөлек, амплитудалық электроэнцефалография мониторингімен бірге реанимация бөлімінде жұмыс істейтін және баланың дене қызуын сағаттар бойы бақылауда ұстауға міндетті дәрігерлер мен медбикелердің жүктемесін азайтады. Сондықтан отандық неонатологтардың «Ayala» қайырымдылық қорына жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтап қалуға көмектесіп келе жатқаны үшін алғысы шексіз», дейді Қазақстан неонатологтары конгресінің төрағасы Бектұрған Карин.
Осылайша 2017 жылдан бері Қазақстанның 12 қаласының медициналық мекемелері «Ayala» қайырымдылық қорының жинаған 300 748 500 теңгеге 14 автоматты гипотермия аппараты мен 13 амплитудалық электроэнцефалография мониторын алды. Оның ішінде 2022 жылы AYALA ҚҚ 7 медициналық мекемеге 134 миллион теңгеден астам сомаға гипотермия аппараттық кешендерін тапсырды. Оларды Ақтаудағы, Талдықорғандағы, Оралдағы Облыстық перинаталдық орталықтар, Өскемен қаласының Ана мен бала орталығы, Шымкент қаласындағы Қалалық перинаталдық орталық, Жамбыл облысының Көпбейінді ауруханасының Перинаталдық блогы, Алматыдағы Республикалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы алды.
«Бес жыл ішінде ірі демеушілердің қолдауымен және мыңдаған қазақстандықтардың қайырымдылық жарналарының арқасында біз Қазақстанның барлық перинаталдық орталықтарының үштен бір бөлігін автоматты гипотермияға арналған аппараттық кешендермен жабдықтай алдық. Бұл аппараттар 238 баланың функционалдық денсаулығын сақтап қалды. Алдағы уақытта да тәжірибелі неонатологтар осы аппараттармен жүздеген баланы құтқара алады», дейді Айдан Сүлейменова.
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Елде 16 мың адам алимент төлемей жүр
Қоғам • Бүгін, 12:52
Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді
Теннис • Бүгін, 12:49
Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:41
Ұқсас жаңалықтар