Бұған дейін «Жүректі механикалық қолдау» бағдарламасы Астанадағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығында енгізілсе, енді Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты да 60 жастағы пациентке жүректің жасанды сол жақ қарыншасын (LVAD) импланттау операциясын сәтімен атқарды. Бұл операцияны Алматы кардиохирургтері Астанадағы Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталығындағы әріптестерімен бірге жасады.

«Көмекші механикалық құрылғы – шунттеу, клапандарды протездеу, кардиостимуляторды имплантациялау немесе дәрі-дәрмекпен емдеу сияқты басқа ем түрлері көмектесе алмайтын жүрек ауруының ауыр немесе терминалдық сатысындағы пациенттерге салынады», деді КІАҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.
Мамандар қазір жер бетінде 26 миллиондай адам жүрек қызметі жеткіліксіздігінен қиналатындығын айтады. Пациенттердің 20 пайызында ауруы асқынып кетеді. Осы дерттің салдарынан жыл сайын 1 млн адам аурухана төсегіне таңылады.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл кеселді жүрек бұлшықетінің ағзаны қан мен оттегіге қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде қан айдай алмайтын созылмалы, өрши беретін ахуал. Науқасты ентігу, кеуденің қысылуы, аяқтың ісінуі, бүйрегі мазалайды. Мұның соңы асқына келе ажал құштыруы мүмкін. Сондықтан созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі қатерлі ісіктен кейінгі өлім-жітімге жетелейтін аурулардың басында тұр. Ал LVAD имплантациясы ауыр СЖЖ диагнозы қойылған науқастарды емдеудің жаңа дәуірі десек те болады.
«Имплантацияланатын жүрек сорғысы жүрекке қанды бүкіл ағзаға айдауға көмектеседі және СЖЖ белгілерін жеңілдетеді. Осыдан кейін жүрек қызметі жақсарып, науқасқа жүрек трансплантациясын күтуге мүмкіндік береді. Кейбір науқастар үшін бұл өмірді ұзартудың жалғыз мүмкіндігі. Біз жүрекке жоғары технологиялық операциялардың барлық түрін жасаймыз. Келешекте жүрек патологиясын емдеудің жаңа заманауи әдістерін ұлғайтуды және одан әрі енгізуді жоспарлап отырмыз», дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы, профессор Роза Қуанышбекова.
Клиника басшысының айтуынша, екі түтігі бар, біреуі қолқаға, екіншісі жүректің сол жақ қарыншасына қосылған шағын сорғы сол жақ қарыншаның қызметін атқарады. LVAD өмірді ұзартуға, бұрынғы қалпына оралуға мүмкіндік береді. Жасанды жүрегі бар науқастың басқа адамдардан айырмашылығы – оның тамыр соғысы болмайды.
Алматыда ең бірінші болып жүректің жасанды қарыншасы салынған Алматы облысының 60 жастағы тұрғыны Ғаппар Қалиевқа 2020 жылы кардиовертер-дефибриллятор имплантацияланған. Басқа да қосымша аурулар мазалаған науқасқа жасалған бұл операция да сәтті өтті.
АЛМАТЫ
Түркияда тағы екі отандасымыз жоғалып кетті
Оқиға • Бүгін, 13:30
Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын
Білім • Бүгін, 13:15
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
Ұқсас жаңалықтар