Табиғи апаттарды басқару ұлттық басқармасының (BNPB) баспасөз хатшысы Абдул Мухаридің айтуынша, лава ағындары жанартау етегіндегі өзенге жеткен.
Жанартау аймағындағы бірқатар елді мекенді күл басқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Жүздеген жергілікті тұрғындар эвакуацияланған. Билік аралдағы қауіптің максималды деңгейі туралы ескерту жасады.
Еске салсақ, 2021 жылдың 4 желтоқсанында Семеру жанартауының атқылауы салдарынан 51 адам қаза тапқан еді.
Айта кетейік, Индонезияда 130-ға жуық белсенді жанартау бар.