Қарағандыда Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеудің қатысуымен Қарағанды облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының күрт және негізсіз өсуіне жол бермеуді басты басымдықтардың бірі деп атады.
«Нарықты отандық өндірістің сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оның кең ассортименті мен жеткілікті болуы бағаның өсуін тежейді. Бұл бағытта әкімдік жұмыс істеуі керек», деді ол.
Сонымен қатар Премьер-Министр бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды. Мәселен, модернизация қарқыны төмен және технологиялық жағдайы нашар «АрселорМиттал Теміртаудағы» жағдай алаңдаушылық туғызады, өнеркәсіптік қауіпсіздікке немқұрайды қараудың салдарынан өлім-жітім саны артып отыр.
Ол бүгін өндірісте тағы бір қайғылы жағдай орын алып, кәсіпорын қызметкері қаза тапқанын атап өтті.
«Мұның бәрі – компания басшылығының тікелей жауапкершілігі. Осыған байланысты оларға кәсіпорынның ешқандай сын көтермейтін барлық бағыттары бойынша наразылық білдірілді. Қазір Үкімет бұл мәселелерді реттеу бойынша белсенді келіссөздер бастап кетті», деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол өнеркәсіптік өндірістердің экологиялық жағдайға тигізетін зардабын азайту, «Саран» индустриялық аймағын дамыту, білікті мамандарды даярлау, жалақыны уақытылы төлеу және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы
Қазақстан • Бүгін, 00:13
Еңбек тәртібін реттейтін құжат
Үкімет • Бүгін, 00:11
Саясат • Бүгін, 00:08
Партия филиалдарының ұйымдастыру жұмысы
Сайлау • Бүгін, 00:05
Елеусіз қалған елді мекендер көгілдір отынға жарымай отыр
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды
Форум • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қаржы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ділгір құралға қол жеткізудің жолы
Қоғам • Кеше
Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Сауда • Кеше
Ерекше перзентті оңалту да, оқыту да оңай емес
Отбасы • Кеше
Арнайы білім мекемелеріндегі ахуал
Білім • Кеше
Өңірлік университеттегі өмірлік дау
Университет • Кеше
Халық • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Келешектің инновациялық бағдары
Бағдарламалар • Кеше
Теннисшілердің төртінші мүмкіндігі
Теннис • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Төтенше жағдай • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Өзбек тіліндегі қазақтың 100 өлеңі
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматыда мейрамхана аспаздары есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті
Елорда • Кеше
Шымбұлақ шатқалында сайға құлаған жігіт құтқарылды
Қоғам • Кеше
Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?
Елорда • Кеше
Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі
Технология • Кеше
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысынан фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Ұқсас жаңалықтар