Үкімет • 10 Желтоқсан, 2022

Үкімет басшысы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын пысықтауды тапсырды

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында интернет сапасын жақсарту, байланыс инфрақұрылымын және жаңа цифрлық өнімдерді дамыту жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын пысықтауды тапсырды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қалалар мен ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу, республикалық және бірінші дәрежедегі облыстық жолдар бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту/төсеу/монтаждау, сондай-ақ 5G желілерін енгізу бойынша кең ауқымды жұмыстар қарастырылған 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту және  мемлекеттік статистиканы жүргізу мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық статистикалық тіркелімдерді енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мемлекеттік органдардың деректерін цифрландыру барысы туралы айтып берді.

Әлихан Смайылов бір ай мерзімде «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын пысықтап, оны басқа мемлекеттік органдармен келісуді тапсырды, сондай-ақ деректер базасын жаңғырту кезінде ақпаратты 100% қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуге және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жыл сайынғы тізімдемесін жүргізуге мүмкіндік беретін «VET-Mobile» мобильді қосымшасын енгізу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтың хабарлауынша, бұл қосымша ветеринар дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді және ол интернетсіз жұмыс істей алады, бұл шалғайдағы елді мекендер үшін аса маңызды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар екі мақсатта қолданылатын бағаналар жүйесін дамыту үшін қалалық коммуникациялық инфрақұрылымды (жарнама тақталары, шам бағаналары) пайдалану жөніндегі ұсынысты талқылады. Осы смарт-бағандар құрылысы халық тығыз орналасқан қалалық аудандарда интернет пен байланыс сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024