Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2022

Қызылордада 36 қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының полицейлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада 36 қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды

Жергілікті полицияның мәліметіне сәйкес, іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің 450 қызметкері жұмылдырылған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде департамент қызметкерлерімен іс-шара уақытында жолаушы тасымалдауды жүзеге асырушы автобус, шағын көлемді автобус жүргізушілері тарапынан барлығы 1383 жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталған.

Сонымен қатар облысаралық және қалааралық 585 қоғамдық көлік құралының жылыту, электр жабдықтары жағдайының сәйкестігі тексерілді.

Рейд барысында 36 қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды, 35 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік белгілері алынды.