Технология • 13 Желтоқсан, 2022

«SalyqBot» жедел көмек көрсету қызметін қосты

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Salyqbot» шотты бұғаттан шығару және жеке тұлғалардың салықтары бойынша жедел көмек көрсету қызметін іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«SalyqBot» жедел көмек көрсету қызметін қосты

2022 жылдың 7 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Salyqbot» Telegram-каналында салық төлеушілерге жедел көмектің екі қызметі іске қосылды:  «Шотты бұғаттан шығару» және «Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек».

Бұл қызметтер «бір рет басу» арқылы банктік шоттар бойынша бұғаттау себептерін анықтау үшін өтінім жіберуге немесе мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген қызметтер бойынша «Salyqbot» пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті, содан кейін 24 сағат ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.

Бұл қызметтерге кіру үшін https//t.me/SalyqBot?start=arrest («Шотты бұғаттан шығару»), https//t.me/SalyqBot?start=naloq («Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек») сілтемелеріне өту қажет.

Немесе автоматты түрде «Salyqbot» қосымшасына аударылатын QR-кодты пайдалану жеткілікті.