Қоғам • 14 Желтоқсан, 2022

Монополистер 26 компанияны мемлекет меншігіне береді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиясыздандыру жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Монополистер 26 компанияны мемлекет меншігіне береді

Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиясыздандыру мақсатында министрлер кабинеті басшысының басшылығымен арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде комиссияның 25 отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша бұрын жекешелендірілген және бәсекелес ортаға берілген нысандардың ішінен мемлекет меншігіне берілетін объектілерді таңдау критерийлері әзірленген.

«Телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және қонақ үй бизнесі, АҚ мен ЖШС акциялар пакеттері мен үлестері, жылжымайтын мүлік пен ақша мемлекет меншігіне алынды. Көлік және теміржол инфрақұрылымы саласындағы 26 кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтілуде», деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.