Көрсетілім Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар аясында ұйымдастырылған.
Іс-шара Қазақстанның Үндістандағы елшілігі мен «Marwah Studios Complex» компаниясымен бірлесіп, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен өткен.
Қазақстан-Үндістан кино және мәдениет форумы 300-ден астам көрерменді жинады. Олардың қатарына дипломатиялық корпус өкілдері, Үндістан кинематографиясының өнер қайраткерлері, жас және жаңадан бастаған кинематографистер болды.
Форум қонақтарына Абай Құнанбайұлының хинди тіліне аударылған «Қара сөздер» туындысы таратылды.
Сонымен қатар Хайдарабад қаласында (Телангана штаты) белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық соғысы туралы баяндайтын «Жаужүрек мың бала» картинасы көрсетілді.