Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2022

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мәліметінше, қар түрінде жауын-шашынның және желдің күшеюіне байланысты 19-22 желтоқсан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін.

«ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Олардың жанынан өткен кезде тоқтамастан қауіпті аймақтан жылдам өту қажет», делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.