Қаржы • 26 Желтоқсан, 2022

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері қандай?

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ төлейтін зейнетақының ең жоғары мөлшері 700 мыңнан астам теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері қандай?

1 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден астам болды. Сонымен қатар БЖЗҚ мәліметінше, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 1,3 триллион теңгеден астамға (немесе 10,2 пайызға) өсті. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі 11 айда 20,7 пайызға өсіп, шамамен 436 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері ең үлкен өсім – 94,5 пайыз, 3,3 млрд теңгеден асқан ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақталған қаражаттар болды.

Жыл басынан бері БЖЗҚ-дан түскен төлемдер 1,1 трлн теңгеден асты.

«Жас бойынша төлемдер 22,6 пайызға өсіп, шамамен 109 млрд теңгені құрады. Айта кетейік, кесте бойынша БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлемнің мөлшері (зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты) 29 876 теңгені, ал ең жоғарғысы – 707 326 теңгені құрады», делінген БЖЗҚ хабарламасында. 

Еске салайық, Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша 1 қарашадағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда) 108 993 теңгені құрады.