Әуе айлағының баспасөз қызметі әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
«Елордадағы ауа райының қолайсыздығы және ұшақтың кешігіп келуіне байланысты елімізге қатынайтын 10 рейс, елден ұшып кетуге бағытталған 18 рейс кейінге қалдырылды», деді баспасөз қызметінен.
Әуежай қызметкерлері жолаушыларды сақ болуға шақырды.
Айта кетейік, Астанада бұрқасын екінші күн жалғасып жатыр. Ал Алматыға бүгін қалың қар түсті.