Қоғам • 04 Қаңтар, 2023

Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жөребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО» компаниясында, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС-да жұмыс істеді. 

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – энергетика вице-министрі. 

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – бірінші энергетика вице-министрі.