Қоғам • 05 Қаңтар, 2023

Өткен жылы әуе жолаушылар тасымалы 15%-ға ұлғайған

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы әуе жолаушылар тасымалы 15%-ға ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы әуе жолаушылар тасымалы 15%-ға ұлғайған

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 9,9 миллион жолаушыны құрады.

Болжам бойынша, 2022 жылғы тасымалданған жолаушылар саны шамамен 10,8 миллионға жетеді. Бұл ретте 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда, жылдық өсім 15%-ды құрайды.

2022 жылғы қаңтар-қараша айларында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша - 7 млн жолаушы (2021 жылы – 6,9 млн, 2020 жылы – 4,1 млн), халықаралық бағыттар бойынша – 2,9 млн жолаушы (2021 жылы – 1,7 млн, 2020 жылы – 0,9 млн) тасымалдады.

«Air Astana» әуе компаниясының жолаушылар ағыны шамамен 3,7 миллион адамды, «FlyArystan» – 3,0 миллионға жуық, «Qazaq air» – 0,5 миллион және «SCAT» – 2,7 миллион адамды құрады.