Қоғам • 06 Қаңтар, 2023

Бәрі де балалар үшін

331 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Былтыр Түркістан облысында Балалар жылын көзделген мақсатына сай өткізу үшін атқарылар іс-шаралар 7 бағытта жоспарланып, 5,2 млрд теңге қаралды. Жыл бойы іргелі де игілікті 83 іс-шара іске асырылды.

Бәрі де балалар үшін

Балалар жылы аясында «Дара» қорының қолдауымен Мақ­таарал, Сарыағаш, Орда­басы аудандарында түзету каби­нет­­терінің филиалдары ашылып, оған қор тарапынан 12 млн теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде, ерекше білім бе­ру­ді қажет ететін балаларға тиісті коррекциялық жұмыстар көр­сету сапасы жақсарды. Со­ны­мен қатар 11 айда об­лыс­тық денсаулық сақтау меке­ме­ле­рін­де 9 845 бала оңалту емін, 3 892 бала сауықтыру емін қабылдаған. Республикалық оңалту орталықтарында 507 бала ем алған. Облыстағы 38 қосымша білім беру меке­ме­лерінде – 28 500 оқушы, мек­теп­тегі үйірмелерде 355 600 оқушы қосымша біліммен қам­ты­лып, қамту көрсеткіші 70,1% (384 100 оқушы) болды. Ал Қазығұрт ауданында 120 балаға арналған, Келес ауда­нында 320 балаға және Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған жаңа оқушылар үйі ашылды. Түлкібас ауданы 150 балаға арналған «Өнер» мектебі, Түркістан қаласында оқушыларды шығармашылыққа үйрететін заманауи техникамен жабдықталған «Fablab» шеберханасы ашылды. Кентау, Арыс, Төлеби аудандарында дәл осындай шеберханалар іске қосылмақ. Сондай-ақ республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында облыс оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте екі жыл қатарынан I орынға ие болды. Облыста мектепке дейін­гі біліммен қамту – 92,9%. Бала­лар жылын және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін облыс көлемінде жоғары деңгейде өткізу мақсатында «turan-balafest» онкүндік фести­ва­лі өткізілді.

Балалар жылы қорытын­ды­ланған «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс-шарасында осындай деректер келтірілді. «Конгресс холл» көпсалалы ке­ше­нінде өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына құрмет көрсетті. «Еліміздің Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат – Қазақстан бойынша өздеріңіз сияқты талантты, дарынды балаларға қолдау жасап, қоғамдағы ізгілікті адамдардың қатарына қосу. Түркістан облысында бұл іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Өңірімізде мыңға жуық мектепте 514 мың бала білім алып жатыр. Түркістан – еліміздегі ең бала саны көп өңір. Әрбір бесінші сәби Түркістан облысында дүниеге келеді. Былтыр өңірде 14 мектеп пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да мек­­тептер саны артады», деді Б.Тәжібаев.

Салтанатты жиында халық­аралық олимпиадалар мен бай­қау­ларда жеңімпаз атанған 18 оқушы бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен бірге Балалар жылы аясында үздік атанған Түркістандағы оқушы­лар сарайы мен Қазығұрт және Жетісай аудандарына микро­ав­тобустың сертификаттары тап­сырылды. Мерекелік кеште облыстың жас, оқушы өнер­паз­дары мен республикаға танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

 

Түркістан облысы