Ауа райы • 06 Қаңтар, 2023

Қазақстанда күн күрт суытады

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық синоптиктер 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күн күрт суытады

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің барлық аумағында қар жауады.

«Республика аумағында боран, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман болады деп болжануда. Бірақ 7 қаңтарда жауын-шашынның біртіндеп тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді», делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамына сәйкес термометрлердің бағандары:

  • батыста, орталықта -20 дейін...-28°С;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте -25 дейін...-33°С;
  • шығыста -5 дейін...-13°С;
  • оңтүстікте -0-ге дейін...-10°С дейін төмендейді.