Ғылым • 06 Қаңтар, 2023

Қазақстанда ғалымдардың мәртебесі көтеріледі

866 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Ғылым туралы» заңға енгізілетін өзгерістер жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ғалымдардың мәртебесі көтеріледі

«Заңда қандай қызық өзгерістер болып жатыр? Біз ғалымдардың мәртебесін көтеру мақсатында байыпты қадамдар жасадық. Елде ғалымдардың саны айтарлықтай азайды, өйткені мансаптық тартымдылық деңгейі өте төмен. Ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлерінің орташа жасы – 59 жас, ал Ғылым академиясы мүшелерінің орташа жасы – 69 жас», деді Саясат Нұрбек ведомствоның кеңейтілген отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.

Жоспарланған шараларды айта келе, министр ғылыми мекемелердің базалық қаржыландыруы қайтарылып жатқанын түсіндірді.

Сондай-ақ ол ғалымдардың жалақысы 70 пайызға өскенін еске салды.

«Ғылыми дәрежелері бар ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері сараланған түрде қосымша жәрдемақы алады. Бұл өзгерістер енгізілуде. Бұған дейін мұндай дербестендірілген жәрдемақылар болмаған. Зейнеткер ғалымдарға ғылыми жетістіктері үшін қосымша сыйақылар қарастырылады. Академиямыздың мүшелері мен олардың отбасылары қосымша медициналық көмекке ауыстырылады. Қазақстандық ғалымдар мемлекеттің қолдауын сезінсе екен дейміз», деп қорытындылады Саясат Нұрбек.