Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023

Түркістан облысында жоғалған зейнеткердің мәйіті табылды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жоғалған қарияның мәйіті егістіктен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында жоғалған зейнеткердің мәйіті табылды

Фото: ПД-нен алынды

Айта кетсек, бұған дейін Қызылту ауылының тұрғыны, 1946 жылы туған Молдабек Игенбаев 5 қаңтарда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарланған. Арыз полиция бөліміне 6 қаңтарда тіркеліп, қарияның жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеуге полицейлер мен еріктілер, атты ауыл тұрғындары атсалысты. Іздеуге жұмылдырылған тәртіп сақшылары әрбір үй, дүкен, адамдар көп шоғырланатын аймақтарда жоғалған егде жастағы қарияның суретін көрсету арқылы сұрастыру жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар қараусыз қалған ғимараттар, оқиға орнына жақын аумақтағы тау-тас, ой-қыр, егістік алқаптары түгел қаралып, жіті тексерілді.

Хабарсыз кеткен тұрғынды аман-есен табу мақсатында полицейлермен бірге ауыл тұрғындары және еріктілер де үздіксіз, күні-түні іздеу жұмыстарын жүргізді. Қолданылған шараларға қарамастан, өкінішке қарай, жоғалған ер адамның мәйіті 8 қаңтарда сағат 17:00 шамасында «Шүрен төбе» егістік алқабынан табылды. Яғни, егістік алқапта сақшылармен бірге жүрген екі ауыл тұрғыны бірінші болып мәйітті байқаған. Ер адамның денесін сырттай қарау барысында ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25