Теннис • 09 Қаңтар, 2023

Анна Данилина әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына енді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Данилина әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына енді

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Данилина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде 11-ден 10-орынға көтерілді. Бұл оның спорттық жолындағы жеке рекорды.

Анна үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаида-2 WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында жарыстың бірінші ракеткалары чехиялық Барбора Крейчикова мен аустралиялық Сторм Сандерспен шеберлік байқасты.

Тартысты кездесуде бірінші партияда қазақстандық-үндістандық жұп 6:3 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте қарсыластары дәл сондай есеппен есе қайырды. Супер тай-брейкте Б.Крейчикова мен С.Сандерс жеңісті жұлып алды – 10:6.

Енді Данилина Мирзамен бірге жылдың басты турнирлерінің бірі – Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.