Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023

Павлодар облысында мектеп шатыры ұшып кеткен

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Железин ауданында мектеп шатыры ұшып кеткен. Оқиға қолайсыз ауа райына байланысты орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында мектеп шатыры ұшып кеткен

 

Железин ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұрат Асайынов атап өткендей, қатты жел Ақтау ауылында Березовка жалпы білім беретін негізгі мектебі спортзалының 240 шаршы метр аумақта ағаш құрылымдармен бірге профильді төбесін жұлып әкеткен.

о

«Хабарлама түнгі сағат 01:30-да түсті. Бұл мектепте 18 мұғалім жұмыс істейді, 35 бала білім алады. 2011 жылы мектептің шатырына ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілген. Спортзалда металл профильді шатыр жабылған», деп түсіндірді Мұрат Асайынов.

Ведомство оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін нақтылады.

Синоптиктердің айтуынша, түнде желдің екпіні секундына 17 метрге жеткен.