Қоғам • 13 Қаңтар, 2023

Жезқазғанда алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісі анықталды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 23 желтоқсанда Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп Жезқазған қаласындағы К. жеке тұлғасында алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазғанда алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісі анықталды

Ұзақ уақыт бойы аталған жеке тұлға ПЭТ-бөтелкелерде шығу тегі белгісіз алкоголь өнімдерін, сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі заңсыз қызметті жүзеге асырып келген.

Бірлескен іс-шараларды өткізу нәтижесінде сатуға дайындалған 8 855 литр көлеміндегі 5 литрлік ПЭТ - сыйымдылықтағы алкоголь өнімі, сондай-ақ 5 821 қорап темекі табылып, тәркіленді. Алкоголь және темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын қолдануды ескере отырып, алынған өнімнің жалпы құны 20 млн теңгеден асады.

Vv

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Заңсыз кәсіпкерлік) 214-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.