Қазақстан • 16 Қаңтар, 2023

ҰҚК заңсыз қару сатқан полицейлердің жолын кесті

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен айналысқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың көмекшілеріне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

ҰҚК заңсыз қару сатқан полицейлердің жолын кесті

Қазақстанда тіркеуден шығарылған оқ-дәрімен атылатын қару және оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды деген жалған есеппен кейін сатылымға қайта шығарылып отырған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірге екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті.

нрз

«Құрықтау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі тәркіленді. Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылды. Жедел зерделеуді жалғастыру арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлеміне, бұзғыш діни ағымдарға қатысты және бұрынғы полицейлерден тұратын қаруды сатып алушылардың толық базасын анықтады. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды. Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандары және жеке құрамды бақылауды әлсіреткендері үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшысы теріс негіз бойынша қызметтен шығарылды», делінген комитет хабарламасында.

о

ао