Экономика • 16 Қаңтар, 2023

Жеке табыс салығының жеңілдіктері

463 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне жеке табыс салығын есептеу бойынша өзгерістер енгізілген. Жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктерінің тізімі кеңейтіліп, цифрлық активтерді сатудан құн өсімінен түсетін кірісті салықтандыру бойынша норма енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Жеке табыс салығының жеңілдіктері

Жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

- ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар қызметкерлерге олардың жұмысы жолда өтетін, жол жүру сипатындағы, қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда өтемақы төлемдері (2018 жылы 1 қаңтардан бастап ретроспективті қолданысқа енгізіледі);

- формалы киім кию және (немесе) оны қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда қызметкерге берілген формалы киімнің құны (2023 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

- төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған адамның факт расталған жағдайда алатын сыйақы сомасы (2023 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Кірісті түзету келесі кірістер бойынша жүзеге асырылады:

- ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар (2022 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

- жеке тұрғын үй қорындағы жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан субсидиялар түріндегі табыстар (2022 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

- теңгеде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).

Мүліктік кірісті анықтау мақсатында:

- меншік құқығы пайда болған сәттен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрақ орындарын сату кезінде мүліктік табыс пайда болады (2022 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

- ерлі-зайыптылардың біреуінің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мұрагерлікке алу кезінде құнның өсуін айқындау мақсатында меншік құқығында болу ерлі-зайыптылардың осындай мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы тіркелген күннен бастап айқындалуы қарастырылады (2023 жылы
1 қаң­тардан бастап қолданысқа енгізіледі).

2023 жылдан бастап, егер цифрлық активтерді сату кезінде құн өсімінен түсетін кіріс пайда болса, онда мұндай кіріске жеке табыс салығы салынады. Аталған норма бұрын болмаған.

 

«Егемен-ақпарат»