Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Луговое ауылында науқасты Таразға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Луговое ауылынан Таразға жол тартқан көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. 31 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі соқтығысуды болдырмауға тырысып, қарсы жолаққа бұрылып, жол талғамайтын көлікті соғып кете жаздаған. Жанама соққыдан соң, жедел жәрдем көлігі бүйіріне құлаған. Фельдшер жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасына көктайғақ себеп болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды.