Қоғам • 19 Қаңтар, 2023

Жақында 2023 жылға арналған бюджет нақтыланады - Е.Жамаубаев

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақын арада 2023 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының параметрлері мен бағыттары белгіленетін болады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомство алқасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақында 2023 жылға арналған бюджет нақтыланады - Е.Жамаубаев

«Жоспарлау процесінде шығындар оңтайландырылып, бюджеттің теңгерімділігі қамтамасыз етіледі. Жақын арада біз осы жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының параметрлері мен бағыттарын нақтылай бастаймыз. Бұл ретте Президенттің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бастамалары мен тапсырмаларына баса назар аударылады», деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

«Мұнда бюджет қаражатының тиімділігін арттыру және мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайту жөніндегі тапсырмалар міндетті түрде ескеріледі. Бұл бағыттағы жүйелі шешімдер жаңа Бюджет кодексінің жобасында көрініс табуы мүмкін», деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03