Аймақтар • 20 Қаңтар, 2023

Түркістанда 2 жасар баланы құтқарған полицей марапатталды

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында талмасы ұстап қалған 2 жасар баланың өмірін сақтап қалған полицей Ерік Ақмолдаев марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда 2 жасар баланы құтқарған полицей марапатталды

2 жасар баланың өмірін сақтап қалған полицей Ерік Ақмолдаев – Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы. Аталмыш ерлігімен көзге түскен полицейді облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов қабылдады. Міндетін адал атқарып, кішкентай баланың өміріне араша болған полицей «Қазақстан Полициясына 30 жыл» төсбелгісімен және алғыс хатпен марапатталды.

«Бала – біздің болашағымыз. Осы орайда біздің әрқайсымыз олардың тыныш өмірі мен тәтті күлкісі үшін бәрін беруге дайынбыз. Ал бүгінгінің батыры  - Ерік адам өмірі бәрінен де маңызды екенін іс-әрекетімен дәлелдеді. Жедел шешім қабылдап, өзгелерге үлгі бола білді. Біз сенімен мақтанамыз! Әрқашан осылай халықтан алғыс алып, абыройың асқақтай берсін», деп алғысын білдірді М.Қабденов.

Еске салсақ, бұл жайт Түркістан қаласында болды. С.Ерубаев көшесінде күнделікті жұмысын атқарып тұрған полицейдің жанына белгісіз әйел келіп, ұлының аяқасты ауырып, талып қалғанын айтып, көмектесуін сұраған. Мұны естіген полицей шұғыл әрекет етіп, баланы аман алып қалды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25