«Биылғы жарыс энергия тақырыбы аясында өтіп жатыр. Роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан бөлек, балалар инновациялық жобалармен айналысады. Өңірлік кезеңге өту үшін әрбір команда әлеуметтік желілерде көптеген тапсырмаларды орындады, соның ішінде балалар түрлі энергетикалық станцияларға барып, репортаж жасап, сарапшылардан сұхбат алды. Онымен қоса, оқу орындарында шеберлік сабақ өткізді, сондай-ақ, өздерінің жергілікті қоғамдастығы ішінде маңызды мәселелерді көтерді. Ақпанның 24-26 аралығында Астанада өтетін Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары ел намысын қорғауға Хьюстонға, АҚШ-қа барады. Айта кетейік, жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың саны артып келеді. Бұған себеп - Оқу-ағарту министрлігінің қолдауы. Осы бағыттағы үйлесімді еңбектің нәтижесінде 2022 жылдың қазан айында біздің оқушылар Женевада өткен FIRST Global Challenge Дүниежүзілік жарысында жеңіске жетті. Кейін Шымкент қаласының оқушылары Дортмунд қаласында өткен робототехника бойынша Халықаралық Олимпиадада алғаш рет екінші орын иеленді», деді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мырзахметов.
Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғауға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:45
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Бүгін, 19:30
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Бүгін, 19:00
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48
Президент «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Президент • Бүгін, 17:36