Сайлау • 24 Қаңтар, 2023

Сенім сынағы

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биліктің ең басты ресурсы – халық сенімі. Қоғам билікті неғұрлым белсенді қолдаса, мемлекет соғұрлым нығая түседі. Мәжіліс сайлауының мерзімінен бұрын өткізілуі саяси партиялар үшін де, тәуелсіз кандидаттар үшін де, сайлаушылар үшін де нағыз сынақ болмақ.

Сенім сынағы

Сайлау – қоғамда алаңдаушы­лық та­ны­­тып отырған мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді. Сайлау­шы­лар­дың қолдауына сенім артып отыр­ған кандидаттар барлық тарап­тың пікірі мен мүддесін ескеріп, халық­­тың әл-ауқатын жақсартудың жол­дарын іздеуі керек. Жоғары оқу орын­­дарының ғалымдары мен оқыту­шы­ларында «академиялық еркінд­ік» деген түсінік бар. Ол бар­лық сту­дент­­терге қарастырылатын тақы­рып бо­­йынша сұрақ қоюға, пікір­талас жүр­­гізуге және сол тақы­рып бо­йын­ша өз көз­қарастарын жеткізу­ге мүм­кін­­дік береді. Әрине, мұн­дай диа­лог кей­д­е орынсыз немесе жағым­сыз да бол­уы мүмкін. Дегенмен де әр­түрлі идеяларды талқылау мүм­кін­­дігі ғылымның ақиқатын ашуға көмектеседі.

Алдағы сайлауда халықтың сені­міне ие болған азаматтар билікке келіп, Қазақстан бұдан да күшті әрі тұрақты, заң мен әділеттілікті қатаң сақтайтын мемлекет болатыны­на сенім мол. Кез келген ел­дің алға қарай дамуы мен экономи­к­алық нығаюы осындай фактор­ларға тіке­лей байланысты, демек біздің әр­қай­­сы­сымыздың әл-ауқатымыз­дың жақсы болуы да осыған келіп тіреледі.

 

Мейрам БЕГЕНТАЕВ,

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры